Тақырыбы: «Өрттен сақ болайық!»
Мақсаты:
Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.
Ой - өрісін, дүниетанымын дамыту, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, презентация түрінде көрсету.
Өту барысы:
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі.
Видео сюжет: «Өрттің шығу себептері»
Өрттің шығу себептері туралы не білеміз? Қане кім айтады?
Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырамын.
1. Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2. Шырпымен ойнаса;
3. Үтікті қосып кетіп қалса;
4. Газды ашық қалдырып кетсе;
Видео сюжет: «Қауіпсіздіктің 9 ережесі»
Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады:
1. Отты абайсыз қолдану;
2. Пештің ақаулығы;
3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау;
4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.
Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден - бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздың күні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынады.
Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллон өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллон газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллоннан газдың шығып жатқанын, тек сабын көпіршіктері арқылы тексеруге болады. Газдың иісін ауадан сезген уақытта сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқа да электр қондырғыларын іске қосуға болмайды.
Газ шыққанын байқасаңыз, тез арада есік пен терезені ашып бөлмені желдетіп, баллонды далаға шығарып, апаттан құтқару қызметіне хабарласыңыз. Баллонды қыздыруға, егер баллон бұзылған болса, оны өзіңіз жөндеуге тиым салынады.
Өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жәйттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу - өте қауіпті.
Сондықтан, үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2-3 электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек.
Өртке келгенде баланың да шалалығы бар. Қолына сіріңке ұстап ойнаған жасөспірімдердің абайсыздығынан болған өрт оқиғалары аз емес.
Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:
Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қарапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті — ол жанғыш затты салқындатады
Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде болып табылады, ол жанған затты толығымен тығыз жабады және оған ауа жібермейді.
Қазіргі уақытта құрғақ ұнтақтармен толтырылған ұнтақты өрт сөндіргіштер көп таралған, олар өрт аумағына түсіп, отты сөндіретін зат бөледі.
Дидактикалық ойын: «Өрт сөндірушіге не қажет?»
Мақсаты: өрт сөндірушіге қажетті заттарды ажыратып, топтастыру.
Өрт қауіпсіздігі ережесі:
Үйдегі өрт:
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101 - ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын еңкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
2. Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.
3. Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.
4. Егер сізге біреуді өрттен құтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
5. Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы, жиі демалу, жүрек айнуы, сананы жоғалту.
Егер өрт қатты жанып тұрмаса:
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.
2. Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.
3. Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.
4. Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.
Қорытындылау, бағалау.
-Өрт болған жағдайда не істеу керек?
-101 номеріне хабарласу керек.
-мекен –жайыңды білесің бе?
-өрт сөндіру көлігінің түсі қандай?
-өрт болған жағдайда немен сөндіруге болады?
Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп - қатер аз емес. Соның ішінде, ең күрделі – өрт.
Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн.
Сондықтанда балалар, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап, өрттен сақ болыңыздар!!!