«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Арман" ересек тобының "Армысың әз-Наурыз!" атты тәрбие сағаты

17.03.2023

Тақырыбы:«Армысың әз-Наурыз!»

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың 
ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Мерекелік көңілін көтеру,елге деген 

сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік. 
І. Ұйымдастыру кезені 
-Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Армысың әз-Наурыз!» атты тәрбие сағаты бастаймыз.
-Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.


Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған ұызды, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.


Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелер келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз той  құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – жаңа жыл болып саналған.

Хор: «Наурыз-көктем»

Әңгімелесу:

Жұмбақ 
- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
(дастархан) 
-Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 

 

-   Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қосылады. Олар: ет, бидай, күріш, жарма, тары, айран, тұз, су. Дастарқан басына наурыз көжеден басқа ұлттық тағамдарға бауырсақ, құрт, бешбармақ, сүт өнімдері: айран, көже, қаймақ, май және т.б қояды.

- Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.

Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп,  жақсылық шашады екен.
- Ал, енді кезекті өлең, тақпақтарымызға берейік.

Наурыз туралы тақпақтар.

Амина Ж.

Жылдың басы Наурыз

Жердің басы Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр-әніміз

Асмира

Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып.
Жылғалардан су ағып,
Ақ әжелер құлпырып..

Ансар

Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне..

Нурсулу

Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.

Би: «Қара жорға»

-Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету) . 

-Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген.

Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды бәлесіңдер?

-Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ т.б.

Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы. Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын

«Асық ойыны»

· Асық ойыны – ерте кезден келе жатқан қазақтың ұлттық ойын түрі.

· Ойын мақсаты: барынша көп асық ұту. Уақытын қызықты өткізу.

· Ойын ережесі: Бұл ойында бала саны 10 болады. Әр бала өз асығын қосып, ойынға қатыса алады. Асықты шеңберден шығарған бала асықты өзіне алады, одан әрі қарай ойын жалғаса береді.

«Арқан тартыс.»

· Бұл ойын ата – бабамыздан келе жатқан ұлттық күш сынау ойыны. Бұлойын той – томалақта, ұлттықмерекелердеойналады.

· Ойынныңережесі: Жігіттерекітопқабөлініп, сызықтыңекіжағынабөлінеді. Екікомандағабірортақарқанболады.

· Ойынныңмақсаты: Қарсыкоманданыұту, олүшінқарсыластардыөзжағынатартып, сызықтанөткізукерек.
Қорытындылау 
Әнқосылсынәніңе!

Ырыстыбопжаңажыл!

Бақдарысынбәріңе!

Ой қосылыпойыңа

Бас қосылыпбойыңа

Аман-есенжетейік

Келер Наурыз тойына.

Ән: «Наурыз айы»

 

Бата  беру

Ұлысоңболсын,

Ақ мол болсын!

Төрттүлікақтыболсын,

Ұлыстыңұлыкүнінде

Ұлысоңғақонсын.

Меніңбергенбұл батам,

Алланыңқұлағынасалынсын!

-Осымен наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шарамыз  аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Қош сау балыңыздар!

 

Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст