«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқу үдерісінің вариативтік бөлімінде үйірме жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама

27.02.2019

Қазіргі қоғам жас ұрпаққа білім беру жүйесіне, оның ішінде оның бірінші сатысы – мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа талаптар қояды. 

Мектепке дейінгі білім беру вариативтігі және  ізгілік қағидалары өмірге енді. Балабақшаларға арналған көптеген жаңартылған мазмұндағы  білім беру бағдарламалары пайда болды. 

   Әрбір мектепке дейінгі ұйым жаңа оқу жылында қолданыстағы нормативтік құжатттарға сүйене отырып жұмыс жасайды. Соның алғашқысы - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты болса, екіншісі мектепке дейінгі  білім берудің үлгілік оқу жоспары болып табылады. Оқу жоспары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсат- міндеттерін және мемлекеттік стандартты жүзеге асыруға бағытталды. Одан басқа әдістемелік ұсынымдарға, жыл сайынғы келетін әдістемелік –нұсқау хатқа сүйенеміз. Мектеп- балабақшада вариативтік бөлімді ұйымдастыру туралы ЕРЕЖЕ құрылған.

Оқу жоспары – балабақшаларда  оқытылатын  тікелей білім беру қызметі түрлерінің саны және құрамы анықталған құжат. Оқу жоспары  екі бөлімнен тұрады: инварианттық (міндетті)  және вариативтік.

Жоспардың міндетті бөлімі тікелей білім беру қызметінің негізгі түрлеріне бөлінетін  ең аз сағат санын реттейді. Жоспардың бұл бөлімі  өзгермейді.

Вариативтік бөлім,  мектеп жасына дейінгі баланың жеке мінез-құлқын қалыптастырады және олардың тұлғалық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескереді.

Вариативтік компонент- мектепке дейінгі ұйымдардың тақырыптық бағыты бойынша жұмыс, педагогтердің шығармашылық жұмыстары, эксперимент жұмыстары, дарынды балалармен жұмыс, ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерінен тыс балалардың қызығушылығы және шет тілдерін үйрету бойынша жұмыс болып табылады.

Үлгілік оқу жоспарыа сәйкес топтарда  вариативтік жүктеменің апталық көлемі  төмендегідей:

Жас кезеңдері

 Жүктеме

1

Екінші кіші топ (3-4 жас)

1 сағат

2

Ортаңғы топ (4-5 жас)

2 сағат

3

Ересек тобы(5-6 жас)

3 сағат

4

Мектепалды даярлық тобы (6-7 жас)

4 сағат

Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу жағдайлары

  • Балабақшалардағы қызығушылығы бойынша үйірмелер  мектепке дейінгі 3 тен 7 жасқа дейінгі балаларға арналып мақсаттарға сәйкес, жылдық міндеттерімен, қажетті материалдық-техникалық жағдайлар және кадрлік қамтамасыз етіліп құрылады.
  • Үйірмелерді мектепке дейінгі ІІ кіші, ортаңғы және ересек, мектепалды даярлық  балаларымен жұмыс жасайтын  мамандар, тәрбиешілер ұйымдастырады және өткізеді. 
  • Сабақтардың ұзақтығы 20 минуттан 30 минутқа дейін.

Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру
Үйірме жұмыстары мектепке дейінгі ұйымдарда апта сайын, күннің ІІ жартысында өткізіледі.

  • Үйірме жұмыстары топ балаларымен ғимараттарда жүргізіледі:
  • Топтық бөлмелер
  • Һауызда
  • Тіл кабинетінде
  • Музыка залында
  • Спорт залында
  • Мектеп- балабақшамызда қосымша мамандар, жоғары білікті педагогтар дамудың барлық бағыттары бойынша мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыстың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді.

Вариативтік бөлімдері стандарттың  білім  беру салалары: «Денсаулық», «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеуметтік орта» бойынша  балалардың жас кезеңдерін ескере отырып, педагогикалық процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлі жас топтарына вариативтік компоненттің тақырыбын анықтауда мектепке дейінгі ұйымның қызметіне сәйкес келесі жұмыс бағыты ұсынылады:

«Денсаулық» білім саласы

 

«Коммуникация» білім саласы

 

«Таным» білім саласы

 

«Шығармашылық» білім саласы

 

«Әлеумет» білім саласы

 

Жүзу

Ертегілер елінде

Шахмат

«Шебер қолдар»

Бағдаршам

Шынықсаң шымыр боласың

Қазақ этнопедагогикасы

Мозайка(логика)

Би үйренеміз

Бәрін білгім келеді

Қауіпсіздік әліппесі

Жас актерлер мектебі

Өзіміз жасаймыз(роботехника)

Арттерапия

Сұлулық әлемі

 

 

Кішкентай зерттеушілер

Вокал

Сүйікті қалам  Астана

 

 

Туған өлкені біл және аяла

Бисер тоқу

 

 

 

 

Құм терапиясы

 

 

 

 

Кішкентай суретшілер

 

 

 

 

   Өздеріңіз біліп отырғандай вариативтік бөлімдерге арналған арнайы нақты бекітілген бағдарламалар жоқ. Сол себепті біздің алдымызда мынадай сұрақ туады: Тәрбиешілерге қандай бағдарламаны ұсынуға болады?

Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру үшін төмендегідей білім беру бағдарламаларын таңдау қажет:

- инновациалық;

- авторлық технологиялар;

- жұмыс бағдарламалары.

    Осы кезде тәрбиешілер алдында  осы бағдарламаларды қайдан алуға болады? деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтардың бәріне бір жауап- өз бағдарламаңды құру. Өздеріңіз кестеден көріп отырғандай біздің мектеп- балабақшамызда «Шығармашылық» білім саласының үйірме жұмыстары «Қолөнер» бағытында жүргізіледі.    Балалар осы мүсіндеу, сурет салу, қолөнер арқылы жан - жақты дамиды. Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен үзу, жұлу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып  балалардың саусақ моторикаларын дамытуға көп жағдай туғызады.

    Мүсіндеу, сурет салу іс-әрекеті балалардың саусақ моторикасының дамуына зор әсерін тигізетініне көзім жетті. Барлық балалар сурет салуды, жапсыруды , қиюды жақсы көреді. Олар  қызығушылық  тудырып , түрлі әдістер  қолданады. Ал , бірақ  бұл  көбінің  қолынан  келе бермейді . Ал үйірме  жұмыстарында  балалардың  шығармашылыққа  деген ойлау қабілеттері дамып ,  дәстүрлі  емес жұмыстарымен  айналысуды  қызыға  үйренеді. Қол өнері – балалардың ойлау қабілеттерін  жетілдіреді. Балалардың  ұсақ  саусақ  моторикасы арқылы  тілдері дамып , қолдарының  шапшаң  қимылдауы дамып , дұрыс және әдемі  жазуға ықпалы тиеді. Балалар  керекті  құралдарымен  қажет кезінде жұмыс жасап , заттардың қасиеттерін  түсініп  олардың  пішіндерін  салыстыра  отырып  жұмыс  жасайды.  Балаларда  әртүрлі  ойлар  қалыптасып , олардың  қалай  жасалу  жолдарын анықтап , жасауға  ынталанып , тырысады , жасайды

Жоғарыда вариативтік бөлім тәрбиешілерге көптеген мәселелер мен қиындықтар туғызатыны туралы, вариативтік бөлімге арналған бағдарламалардың жоқтығы жайлы және «Қолөнер» бағытының бала дамуына әсері жайлы айтып өттім. Мен әдіскер ретінде осы мәселелерді шешу үшін және алдымыздағы кішкентай бүлдіршіндердің балабақшамызда дұрыс білім мен тәрбие алулары және жан- жақты қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасау мақсатында педагогтармен жұмыс жасай бастадым. Ол үшін жылдық жоспарлар жасаған кезде мінддеттер қойып, сол міндеттерді шешу үшін тәрбиешілермен әртүрлі жұмыстар жоспарладым. Атап айтсам, әдістемелік және педагогикалық кеңестерге төмендегідей тақырыптар алып, теориялық(баяндамалар, мақалалар, іс- тәжірибе алмасу туралы ) және практикалық жұмыстар( бақылаулар, іс- тәжірибе алмасу, сайыстар, т.б.)  жүргіздік:

  1. «Шығармашылық» білім саласының мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде, дамытуда алатын орны.   
  2. «Мектепке дейінгі мекемедегі үйірме жұмыстары»
  3. «Мектепке дейінгі жастағы балаларды өнерге баулу жолдары»
  4. «МДМ вариативтік бөлімді ұйымдастыру»
  5. «Тиімді әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы балалардың шығармашылық дағдыларының қалыптасу деңгейі»
  6. «Мектепке дейінгі ұйымда білім беру үрдісін жобалау арқылы   білім беру салаларын игеруді жүзеге асыру
  7. «Мектепке дейінгі мекемелердің үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімін ұйымдастыру».

   Осындай әртүрлі жүргізілген жұмыстар көп ұзамай өз нәтижесін де берді. Педагогтар өздері де қолөнер жұмыстарына көңіл бөле бастады.  Мектеп жасына дейінгі балаларды  мүсіндеуге, сурет салуға үйрету жолдарын, әдістемесін игеріп, меңгере бастады.   Мүсіндеудің, сурет салудың жапсырудың дәстүрлі емес жолдарын іздестіріп, зерттеп, кейін өз жұмыстарында қолдана бастады. Ең бірінші балалармен күн тәртібі кезеңдерінде, Мүсіндеу, Сурет салу сабақтарына балалардың жасына сай икемдерін, қызығушылықтарын, дағдыларын бақылап, меңгеріп, ақырын бағдарламалардың мақсат- міндеттерін бірге анықтай бастадық. Одан кейін әдіс- тәсілдерді анықтадық. Кейін қолданылатын материалдар таңдалды. Балалармен практикалық жұмыс жасай отырып, бағдарламалардың кейбір кезеңдерін жұмыстарына енгізе бастады. Әдістемелік, педкеңестерде өз іс- тәжірибелерін ортаға салды.

   Менің ендігі қадамым педагогтардың осы жұмыстарымен, зерттеулерімен, іс- тәжірибелерімен әріптестерімен бөлістіру болды. Сөйтіп, «Педагогикалық озық іс- тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату» тақырыбында әдістемелік кеңес, «Авторлық және қосымша оқу бағдарламаларын әзірлеу және жазу әдістемесі» тақырыптарында пед кеңес жоспарлап, өткіздім, оларға өз жұмыстарын қағаз бетіне түсіруді ұсындым. Сөйтіп педагог жұмыстарының соңғы кезеңі авторлық бағдарламалардың перспективтік –тақырыптық жоспары құрылды.  Нәтижесінде  педагогтар әдістемелік құралдар шығарып, авторлық бағдарламалар құрастырып, оларды халықаралық инновациялық педагогикалық Жәрмеңкелер мен «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауларына жібердік, сырттай республикалық байқауларға қатыстырдым.
Балабақшаішілік көрмелер ұйымдастырдық, және аудандық көрмелерге шығардық.

Атап айтсам, Тулебаева А. Т. -Көңілді саусақтар» үйірме  жұмысы. Республикалық «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауы ІІ орынға ие болды. Бекбаева З. Д. - «Мектеп жасына дейінгі балаларды мүсіндеуге үйрету»  -әдістемелік құрал, Халықаралық педагогикалық иннновациялардың  ҮІ  Жәрмеңкесі - Сертификат пен Грамотаға ие болды. Бекбаева З. Д. - «Мектеп жасына дейінгі балаларды мүсіндеуге үйрету»  тақырыбында аудандық деңгейде іс- тәжірибе алмасып Куәлікке ие болды.

 «Кішкентай мүсіншілер»  -авторлық бағдарлама - ZIAT ғылыми- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру қызметкерлеріне арналған қашықтықтан өткізілген ІІ Республикалық сайысының «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы,  І дәрежелі Дипломға ие болды.

Шакиева Ж. О. «Шебердің қолы алтын» -әдістемелік құрал- Халықаралық педагогикалық иннновациялардың  Ү  Жәрмеңкесі – Сертификатқа ие болды.

Мектеп- балабақшаның вариативтік бөліміндегі Қолөнер бағыты бойынша атап өттім, яғни бұл тек Қолөнер бағытындағы үйірме жұмыстарының бағдарламалары.  Педагогтарымыздың басқа да бағыттарда құрастырған авторлық бағдарламалары бар. Олар: Нургалиева И. Ж.- «Партерный экзерсис»-денсаулық бағыты- облыстық «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауында номинацияға ие болып, Грамота алды және Халықаралық педагогикалық иннновациялардың  Ү  Жәрмеңкесі – Сертификатқа ие болды. Алдадосова К. Ж.- «Мықтылар» үйірме жұмысының авторлық бағдарламасы-  Республикалық «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауында Грамотаға ие болды. Жарқынова А. А.- Авторлық бағдарлама «Табиғат-ана» үйірме жұмысы. Аудандық «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауында Грамотаға ие болды

   Мұның бәрі –педагогтар жетістігі. Ал енді тәрбиеленушілердің осындай үйірме жұмыстарын жүргізгеннен кейін жетістіктері бар ма? Шығармашылық қабілеттері, қол  өнерге деген қызығушылықтары оянды ма? деген де сұрақ туады. Оны білу үшін біз әрине мониторинг нәтижесіне жүгіну керекпіз.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында әрбір жас тобы бойынша дағдыларды меңгеру деңгейіне белгілі бір талаптар қойылады. Соның ішінде шығармашылық дағдылар:

«Шығармашылық» білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды.

 

 

Шығармашылық дағдылар

 

Р/с

Дағдылар тізбесі

1 жастан бастап

2 жасқа дейін

2 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап 4 жасқа дейін

4 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап

6 жасқа дейін

6 жастан бастап

7 жасқа дейін

 

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Музыкалық іс-әрекет

Ән орындау барысында күрделі емес қимылдармен би әуеніне көңілді сипат бере алады

Музыкалық аспаптарды біледі, музыкалық фразалардың жоғары және төмен дыбысталуын ажыратады, ересектермен бірге ән айтуға ықылас танытады 

Музыкалық шығарманың қарқынын ажыратады жоғары дыбыстарды ажыратады, әуеннің басы мен соңына назар аударады

Дауыс тембрін ажыратады, әнді созып айтады, сөздерді анық айтады; бидің, музыкалық ырғақтың қимылдарын орындайды 

Балалар музыкалық аспаптарында ойнаудың қарапайым дағдыларына ие, музыкалық дыбыстың, ұзақтығының, тембрінің негізгі қасиеттерін ажыратады. Әнді суырып салып айту қабілетіне ие.

Музыкалық аспап сүйемелдейтін әуенді, регистр дыбысын ажырата алады. Балаларға арналған музыкалық аспапта ойнау барысында, ән айтқандай, билегенде минорлы және мажорлы дыбысталуды қабылдап, жаңғырта алады

2

Өнімді іс-әрекет

Қағаз бетін ашық дақтармен, жақпалармен толтырады, дөңгелек, жайпақ пішіндерді мүсіндейді

Мүсіндеу дағдыларын игерген (заттарды шұңқырлау, сәндеу). Қағаз бетіне тік және жатық, ирек сызықтар сыза алады.

Бейнелеу әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылар мен іскерліктерді игерген

Бейнелеу өнерінің түрлері туралы ұғымдары бар (кескіндеме, мүсіндеу, халық өнері)

Бейненің сипатына тән бейнелеудің техникалық тәсілдері мен құралдарын өз бетінше таңдай алады

Түрлі техникалық құралдарды өз бетінше қолдана алады, жұмыстарды жаңа бөліктермен толықтырады және әсемдей алады

3

Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау

Бояудың ашық түстеріне назар аударады, оларға таң қалады, қуанады 

Халықтық ойыншықтарды қарастыру кезінде эмоциялық қуаныш білдіреді, олардың ашықтығын, әдемілігін атап көрсетеді

Түрлі бейнелеу өнері түрлеріне қызығушылық танытады, материалдарды ұқыпты қолданады

Геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін ырғақты орналастырады. Би сипатындағы музыканы эмоциялы түрде қабылдайды

Сәндік өнерге, дизайнға қызығушылық білдіреді, жұмыстың тәсілдерін таңдайды және дәлелдейді, жұмысқа материалдарды тиімді қолданады, табиғаттың әсемдігіне, киімге және бөлменің жинақылығына эмоциялы түрде мән береді.

Қарастырған заттары бояуының қанықтығы (фактурасы) туралы түсінігі бар.Өнердің басқа түрлерінің түпмәтінінде өнер туындыларына алғашқы талдау жасау дағдысына ие.

 

   Осы стандарт талаптарының меңгерілуін тексеру мақсатында 2017-2018 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда түрлі кезеңдерде баланың даму динамикасын анықтауға, педагогтың болашаққа алдағы амалдарын белгілеуге, баланың жеке дамуы үшін қажетті жұмыстар жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай мониторинг енгізілді. Мониторинг жүргізудің басты тәсілі баланың күнделікті өмірінде жүргізілетін бақылау тәсілі болып табылады, яғни оқу- тәрбие үрдісі кезінде балалардың әр сала бойынша біліктері мен дағдыларының дамуына бақылау жүргізіп отыру қажет. Биылғы оқу жылында осы диагностиканы жасап, Мониторинг жүргізген кезде «Шығармашылық» білім саласы бойынша балалардың дағдылары бойынша өзгеріс бар екені байқалады. 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қорыта келе “Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді” дегендей, заман талабына сай  жұмыс жүргізу алдымызда отырған кішкентай бүлдіршіндер тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі.  Үйірме жұмысы – бұл тәрбиешінің  балалармен   әріптестік  қатынаста  және нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  жұмыс  жасауына  арналған. Бүлдіршіндер жүрегінде  әдемілікке деген махаббатты жандыратын,  өнердегі  алғашқы қадамдарын жасауға көмектесетін жұмыстар балабақшаларда көбірек жүргізілсе деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 3645


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст