Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты:
Білімділік: Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру, қысқы ойын түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Балалардың сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру, тіс пастасымен жұмыс жасауға жаттықтыру, қыс мезгіліне деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге, әдемілікке, еңбек сүйгіштікке, достыққа тәрбелеу.
Әдіс- тәсілдері: Көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, сергіту сәті.
Билингвальды компонент: қыс- зима, қар- снег, аяз- мороз.
Қолданылатын технология: тәй- тәй технологиясы.
Көрнекілігі: демонстрациялық суреттер, слайд, қағаздар, тіс пастасы, сүлгі т.б.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Шаттық шеңбері Мейірімді жүрекпен , Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. Келіп қалған қонақтарға бар жылуды шашайық.
Жұмбақ: Шанамен зырлап желетін, Шаңғы, коньки тебетін Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? Ендеше, балалар мына суреттерге назар аударайық.
Суретпен жұмыс.
-Мына суретте жылдың 4 мезгілі бейнеленген. Осы суреттердің ішінен маған қыс мезгілін кім тауып береді? -Қыс мезгіліне қандай айлар жатады? -Қазір қыс мезгілінің қай айы? —Балабақшаға келе жатқанда дала қандай түске боялғанын көрдіңдер? Иә, балалар қыста табиғатта қандай өзгерістер болады? |
Балалар шаттық шеңберге тұрып, өлең шумақты қимыл- қозғалыс жасайды.
Балалар шаттық шеңберін қуана орындайды-
-Қыс мезгілін табады.
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан. -Ақпан айы -Қар жауады, боран соғады, суық болады, беті — қолымыз тоңады. . |
|
. — Күн суық болғандықтан қыста біздер қалай киінеміз? Қыс- зима, қар- снег, аяз- мороз. Экранға назар аударайық. Қысқы ойындардың түрлерін көріп, тамашалайық.
Аңдардың қысқы тіршілігін көрейік.
Қыстағы үлкендердің еңбегін көрейік.
Балалар мына суретке қарап тұрып менің есіме бір мақал түсіп тұр, айтып берейін бе?
Қанекей, сендер де қайталап көріңдерші, Қыста малыңды бақ, Жазда шөбіңді ор.
Дыбыстық жаттығу: Ыс-ыс –ыс келіп қалды қыс.
Тосын сәт: Қардың сықырлаған дыбысы естіледі. -Аққала келеді. Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Балалар, бізге қонаққа келген кім екен? -Аққала неден жасалатын еді? - балалар аққаланың пішіні қандай? Аққала: Балалар, қыс туралы тақпақ білесіңдер ма? Мен сендерден көмек сұрап келдім. -балалар, көмектесеміз бе? Екі орталыққа бөлу.
Кітап орталығы: Көркем суретпен әңгіме жүргізу.
Өнер орталығы: Дайын параққа тіс пастасын пайдаланып, сұқ саусақтарымен қардың суретін саласыңдар. Аққаламен бірге, Қанекей, балалар бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті
Аққала: риза болып, балаларға рахметін айтып қоштасады.
Ойын: Д/о: «Не артық?» |
— Жылы киімдерімізді киеміз.
— Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз
Қыста малыңды бақ, Жазда шөбіңді ор
- Ар- ар- ар аппақ қар -Ық-ық- ық күн суық.
-Сәлеметсізбе? -Аққала -Аққала қардан жасалады. -дөңгелек.
Балалар тақпақтарын айтады. Жарайсыңдар!
-балалар келіседі. Қыста қар көп болып айналаны қар басады, терезеге қырау тұрады,жаңа жыл мерекесі болады, шырша тігеміз, аяз–ата мен ақшақар келіп бізге сыйлықтар береді.
-Қарды бейнелейді
Музыкамен қимыл- қозғалыстар жасайды.
Балалар өлеңді қимыл-қозғалыспен жасайды Балалар қоштасады.
Шарты:Тақтаға қыстық киімдермен бірге жаздық киімдер ілінеді. Соның артығын тауып беру керек. |
|
Қорытындылау Сұрақтарға жауаптар алу, балалар біз қыс туралы бір мақал жаттап едік , кімнің есінде қалды, кім айтып береді? Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды, оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. |
Сұрақтарға жауап береді
Балаларды мадақтап, жулдызшалар таратып беру. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Қыс мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер туралы.
Не игерді: Қыста әртүрлі ойындар ойнауға болатынын.
Меңгергені: тіс пастасы арқылы қар қиыршықтарын салуды.