«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шығармашылық» білім беру саласын игеруді жүзеге асыру

04.02.2019

Бүгінгі таңда білім саласының алдында білімді, бәсекелестікке қабілеті бар, шығармашыл, дербес ойлай алатын, іздемпаз, білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алатын, функционалды сауатты  жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгеріп, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету  деген сипатта ұғынылады. Мектеп жасына дейінгі  балалардың шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға бағытталған білім беру үдерісін жобалау дағдыларын қалыптастыру. Белгілі болғандай  балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту бүгінгі күні  білім берудің ең өзекті міндеттерінің бірі болып қарастырылады. «Шығармашылық» сөзі «жасау» деген сөзден шығады және қоғамдық мағынада  іздеу, жасап шығару  және қоғамдық  немесе жеке – өткен  тәжірибеде  кездеспеген  жасампаздықты білдіреді.

Осы мәселенің өзектілігі  жылдар өткен сайын  өсіп келе жатқандықтан , көптеген музыканттар,  музыкатанушылар ,  психологтер, педагоктер музыкалық тәрбиемен, Музыкалық мәдениетпен , класикалық музыка саласына  байланысты сұрақтарды айқындау мен оңтайлы  шешім іздеуге жүгінді.

    Балабақша балаларының оқу  іс –әрекеті осы бөлімдерден тұрады. Балалар ән залына марш екпінді музыкамен кіреді орындарына тұрып музыка әуенімен аспапқа ілесіп амандасады. Ән айтпас бұрын дауыс жаттығуларын жасайды Балаларды аспапты тыңдап дыбысқа дұрыс түсіп айтуын қадағалаймын. 

Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар да қиын емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте  дауысты дәл келтіріп орындауға үйретемін, қолымен бағытын (жоғары төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы  төменгі қозғалысын ажырата білуі керек . Күй тыңдатып балаларға ән- күй туралы түсінік беріп олардың музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.қысқаша күйші композиторлармен таныстырамын  . Қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстырамын домбыра қобыз саз сырнай т.с.с аспаптардың суреттерін көрсетіп атауларын атап айтуға үйретемін.

Дидактикалық ойын ойнату. Ойын баланың бірінші әрекеті , сондықтан да оның мән мағынасы ерекше Абай атамыз айтқандай «Ойын ойнап, ән салмай  өсер бала болама ?» баланың өмірінде ойын  ерекше  орын  алады. Әр түрлі музыкалық ойындар бар, Мысалы: Солардың бірі «Көжектер мен Аю» ойыны  көңілді музыкамен көжектер ойнап билеп жүреді бір кезде қорқынышты музыка ойналып ортаға қорбаңдап аю келеді ,ал көжектер аюға ұстатпай жан –жаққа қашып кетеді, ойын солай жалғасады. Бұл ойында балалар музыканың айырмашылығын ажырата білуді үйренеді. Жаңа ән жаттату, балаларға әнді жаттатпас бұрын алдымен тыңдатамын  сонан соң сөздерін қайталау арқылы жаттатамын.

Балаларға сергіту сәті өте ұнайды ,Ұзын құлақ сұр қоян, естіп қалып сыбдырды,ойлы қырлы жерлермен ытқып-ытқып жүгірді, қимыл қозғалыстар арқылы дененмізді сергітеміз деп сергіту сәтін жасатамын.

 Балабақшаның ішінде өткен Тәуелсіздік күніне арналған Тәуелсіздік ел арманы атты конценртінде (Ересек топ) Арман тобындағы Аңсар мен Iнжу балаларымыз «Тәуелсіз ел »  әнін орындады. Ортанғы топ пен Екінші кіші топ арасында  Таңқұрай тобынан «Балапан» әнін Ахметжан Айлана мен Айзара орындады,  тағыда сол топтан Жанат Әмина мен Мелишенко Милана «Мен қазақтың қызымын» әні орындалды. Қарлығаш тобынан Медеубай Нұрислам «Егемен ел Қазақстан» әнін орындады, Ертөстік тобынан Бауыржан «Егемен ел» әнін орындады, Әндерді дайындау барысында сөздерін анық айтуларын қадағаладым Нотаға түсіп дыбысты анық айтуларына көңіл бөлдім. Әлі де осы балаларды ары қарай әнді нақты танальнасқа түсіп анық айтуларын қадағалап әнді жақсы орындауларына көңіл бөліп дайындаймын.  Балаларды басқа да мерекелік іс шараларға қатыстырып биіктерден көрінуге ұмтыламын.

 

Просмотров: 422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст