«Ботақан» кіші тобының тәрбиешісі
Тулегенова Жанат Копжановна
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Дәмді нан»
Мақсаты:
Білімділілік:Нанның қайдан келетіні туралы түсінік беру.Ұн және қамыр өнімдерімен таныстыру.Дәмді нанның қалай пісіруін айту.
Дамытушылық:Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Үлкендердің еңбегін бағалай білуге үйрену.
Қолданылған әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Нан түрлерінің суреттері,ұн өнімдері.
Іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
-Сәлеметсіздерме балалар, -Кәне,балалар алдымен әдеп сақтап қонақтармен амандасып алайық. Шаттық шеңбер! Көк аспанда күн күліп Бірге күлсін бүлшіршін, Ұл қолында ту жүрсін! Қыз қолында гүл жүрсін! Бірге күлсін бүлдіршін. |
Балалар шеңберге тұрып қонақтармен амандасады.
|
Ұйымдастыру шылық ізденіс |
Суретпен жұмыс -Балалар бірінші суреттен нені көріп тұрсыңдар? Балалар көктемде бұл тракторлар жердіжыртып, оны тамырлап, жерге мынадай бидай дәнін себеді. -Ал екінші суретте егін орып жүрген комбайн, ол бидайды орып,тазартып, көлікке салып береді. -Үшінші суретте диірменнен ұн тартылып жатыр. -Төртінші суретте нені байқадық балалар? Ұннан наубайханада әртүрлі нандар пісіріп шығарады, оны дүкендерге, балабақшаларға жібереді. Міне, балалар біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен. Жоғарыда айтқандай, үлкен еңбекпен келеді. Сергіту сәті: Жайқалады ақ бидай Басын иіп аққудай Трактор мен комбайн Жүргізуге мен дайын Ғажайып сәт: Есік қағылып аспазшы кіреді. -Сәлеметсіздер ме, балалар! -Балалар мен сендердің нан туралы айтып жатқандарынды естідім. Сендер менімен дәмді нан, тәтті тоқаш жасағыларын келе ме? -Аспазшы балалармен қамырдан дәмді нан мен тоқашты жасайды. Жасаған нандарын аспазшы асханаға пісіруге алып кетеді. Дидактикалық ойын:”Не артық?” Шарты: Суреттерден ұннан жасалған тағамдарды бөлек жинау. |
Балалар суретпен жұмыс жасайды.
Өлең мазмұнына сай, қимылдар жасайды.
Балалар аспазшымен амандасып, бірге нанның формасын жасайды.
Балалар қызығушылық пен ойнайды.
|
Қорытынды |
-Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетіміз не жайында болды? -Онда балалар, нанды қадірлеп, қастерлей білуіміз керек. |
Балалар өз ойларын шамалары келгенше көргендерін айтып берді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Нанды адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын білді.
Түсінеді: Нанды қастерлеу керектігін түсінді.
Игереді: Аспазшымен бірге ұннан дәмді нан жасады.