«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үйірме жұмысы:«С дыбысы мен әрпі»

23.11.2021

Тәрбиеші: Шакиева Ж.О

«Мирас» мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі.: «Сауат ашу негіздері»

Тақырыбы: «С дыбысы мен әрпі»

Мақсаты:

 С дыбысы мен әрпін бекіту. «С» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлуді,дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ойын арқылы сөздік қорларын дамыту.

Сөздік жұмыс: сағат,сәбіз, жастық, бас, сақина

Қолданылатын көрнекіліктер: АТК, «Геоконт» тақтайшасы, ермексаз, санағыш таяқшалары

Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар бәріміз ортаға шеңбер құрайық. Бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!

Шаттық шеңбері:

Сәлем дейміз достарға,

Сәлем дейміз құрдасқа,

Сәлем дейміз ұстазға,

Сәлем дейміз қонаққа.

Айымыз ашық болсын,

Туымыз биік болсын.

Халқымыз тату болсын,

Балалар аман болсын!

Тәрбиеші:

- Балалар, бүгінгі оқу қызметін бастамас бұрын,

 -Дыбыстардың неше түрі бар?

-Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

-Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

-Өткен дыбыс және әріптерімізді еске түсіріп қайталап  жіберейік.

Балалар: Ш дыбысы мен әрпі.

Тәрбиеші: Ш дыбысы дауысты ма дауыссыз дыбыспа?

Балалар: Дауыссыз дыбыс.

Тәрбиеші: Қандай текшемен белгілейміз?

Балалар: Көк.

 

- Ендеше менімен «Сөз ойла, тез ойла!» ойынын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Иә

Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиеші қолындағы допты қай балаға лақтырса, сол бала тәрбиешінің атаған дыбысына тез сөз ойлап, допты кері лақтыру керек. (Ш - ШАНА, ШАНЫШҚЫ, ШАҒАЛА, ШАР т. б)

Жарайсыңдар балалар,

Жұмбақ.

1. Затыңды аман сақтайды,

Ішіне адам батпайды. (сандық)

Тәрбиеші: Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Сиқырлы сандығымыз ашылды. Балалар, бұл не?

Балалар: Сағат.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұл сағат. Сағат адамға не үшін қажет?

Балалар: Уақытты білу үшін.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Сағат сөзін бәріміз бірге айтайықшы?

Балалар: Сағат.

Тәрбиеші: Сағат сөзін айтқанда басында қандай дыбысты естіп тұрсыңдар?

Балалар: «С» дыбысын.

Тәрбиеші: Ендеше бүгін«С» дыбысы және әрпіп таңбаларымен танысып ,жазып үйренеміз

Бейнежазба: сиқырлы әліппе ашылып, «С» дыбысынан басталатын сөздер айтылады. «С»дыбысы жайлы түсініктерін бекіту. «С» дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.

Ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, арасынан «с» дыбысы қысылып шығады.

Барлығы бірге «С» дыбысын қайталап айтады.

-«С»дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды).

- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

- Көк текшемен белгілейміз.

-«С» дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.

- Сағат, сәбіз,жастық, бас, сақина

- Жарайсыңдар, енді сағат, сәбіз деген сөздерді буынға бөлейікші. Неше буыннан, неше дауысты дыбыстан тұрады.

- Са - ғат - екі буынан, екі дауысты дыбыстан тұрады. Сә - біз – екі буыннан, екі дауысты дыбыстан тұрады.

Ойын: «Сиқырлы буын».

Ойын шарты: сөздің алғашқы буыны бар, екінші буынын суретке қарап тауып айту. Мысалы: са - бын, са - ғат, са - дақ.

Жеке жұмыс:

№1 тапсырма. «Геоконт» тақтайшаларына С дыбысы мен әріпін жазу,

 №2 тапсырма: Ермексазды қолдану арқылы  жазу

№3 тапсырма: Санағыш таяқшаларын пайдаланып жазу,

№4 тапсырма: Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті. (бейнежазба)

Тіл ұстару жаттығулары:

Са - са - са - ұстап алдым маса.

Се - се - се - сынды неше кесе.

Ес - ес - ес - пышақпен нан кес.

 

Ойын: «Кім тез ойлайды?».

Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «С» дыбысынан басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау. Ойынға шыққан бала сырғаны алып «Бұл сырға, сырға сөзі - с дыбысынан басталады. Сырғаны анам тағады» деп сөйлем құрайды

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст