«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баяндама: "Ата- аналарды балабақшаның жұмысын бақылата, іс-әрекетіне қатыстыра отыра, мектепке дейінгі мекемеге деген көзқарастарын өзгерту"

11.11.2021

Ата- аналарды балабақшаның жұмысын бақылата, іс-әрекетіне қатыстыра отыра, мектепке дейінгі мекемеге деген көзқарастарын өзгерту.

     Бүгінгі  отбасы  бала  туылғаннан  бастап  шынайы  себептерге байланысты  балаларды  тәрбиелеу  мен  дамытуда, түзету процесін ұйымдастыруда  мәселелерінде  кәсіби  педагогикалық  қолдауды ұйымдастыруды  қажет етеді. Ата-аналардың  көпшілігі мектеп  жасына дейінгі  балаға  білім  берудің  маңыздылығын  сезінеді, бірақ мектепке дейінгі  ұйым қызметіне белсенді түрде араласпайды. Оның негізгі себебі, ата-ананың көпшілігі баланың дамуы мектеп жасына дейін қалыптасатынын толық біле бермейді. Осы тұста, ата-аналардың мектепке дейінгі ұйыммен тікелей жұмыс нәтижесінде не алғылары келетіні, мектепке дейінгі білім берудің мақсатын және оны жүзеге асыру тәсілдерін түсінуі маңызды болып саналады. Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне ата-аналарды тарту міндеті негізгі үш бағытта шешіледі:

1. Отбасымен  ықпалдастықты  ұйымдастыру  бойынша  балабақша ұжымымен жұмыс, педагогтерді  ата-аналармен  жұмыстың  жаңа  түрлері  жүйесімен таныстыру.

2. Ата-аналардың  педагогикалық  мәдениетін  арттыру, балаларды тәрбиелеу  және оқыту  саласымен  хабардар  болу  деңгейін  анықтау, білім беру қызметіндегі ата-аналардың  қажеттіліктерін  айқындау.

 3. Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйыммен ықпалдастыққа тарту.

Балабақшаның отбасымен жұмысын жоспарлауда келесі ерекшеліктерді ескеремін. Ата-аналардың білім деңгейлері, олардың әлеуметттік қажеттіліктері,  балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі, мектепке дейінгі ұйым жұмысының басым бағыты.Мұның барлығы балабақша мен отбасында баланың дамуына бірыңғай тәсілдер құруға негіз болады. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың арасындағы ықпалдастықты тиімді іске асырудың негізгі жағдайлары баланың отбасын, оның жағдайын, мүмкіндіктерін зерделеу. Мектепке дейінгі ұйым бүгінгі күні үнемі дамуда, жүйелі икемделгіш, ата аналардың әлеуметтік құрамының өзгерісін, олардың білімдегі қажеттіліктері мен тәрбиедегі сұраныстарын жылдам сезінетін болуы тиіс. Осыған байланысты балабақша мен отбасының арасындағы жұмыстың түрлері мен бағыттары өзгеріп отыруы қажет.Оған отбасымен жұмыстың барлық түрлерін кіргізуге болады.

Біз  ата-аналармен  жұмыс  жоспарын алдың ала бір жылға  дайындаймыз.

Ол жоспарда ата- аналар жиналысы, баяндамалар,ертеңгіліктер, тәрбие сағаттары, сауалнамалар  қамтылады.

 Қазіргі кезде пандемияға қарсы көрмелер, ертеңгіліктерді   онлайн түрде  өткіземіз. Сонымен қатар  ата-аналарға  арналған  бұрыштар , стендтерді безендіруді жатқызуға болады.

      Осындай  тәсілдерді  қолданғанда ата-аналар педагогтердің белсенді серіктестері бола отырып, міндеттердің табысты шешімін қамтамасыз етеді .

 Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, отбасылық дәстүрлерді сақтауға, тәрбие беру әлеуметін күшейтуге бағытталған.

Жұмыс тың тиімділігінің критерийлері: - жоспарланған барлық іс-шараларға ата-аналардың көп қатысуы; -ата-аналардың балалармен жұмыс кезінде ұсынылған материалдарды қолдануы; - отбасының оң бағасы мен мектепке дейінгі ұйыммен алдағы серіктестікке берілген жағымды пікірлер болып табылады. Тәрбиеші, ата-ана мен баланың жақын араласуы отбасында баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымда ата-аналармен жұмыстың дәстүрден тыс түрлері кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде біз  тәрбиешілер белсенді түрде WhatsApp  желісін  қолданамыз, онда ата-аналар  кез келген өздерін  алаңдататын сұрақты қойып, немесе біз бір  мәселелер туралы хабарлама жібереміз, ертеңгіліктерден соң пікірлер мен суреттермен бөлісеміз және оған кері байланыс жүргіземіз. Күн тәртібінің сәттерінен фрагменттерді жібереміз.

Педагогтер мен ата-аналар қатынасының көрнекілік-ақпараттық түрлері ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның жағдайы, педагогтер қызметін бағалауға, үйдегі тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қайта қарауға, тәрбиеші қызметін шынайы түрде көруге мүмкіндік береді. Өз баласын үйден ерекше жағдайда көру мүмкіндігі ата-аналарға өздерінің тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін қайта қарауға ықпал етеді. Ата-ананың балабақша өміріне қатысуы педагогтың қалауы үшін емес, өзінің баласына маңызды екеніне ата-аналар біртіндеп көз жеткізеді.Сондықтан, балабақша мен отбасы арасындағы байланыстың негізіндебала дамуында мектепке дейінгі ұйымның маңызды рөл атқаратыны туралы идеясы жатыр: бұл жерде бала алғашқы білім алады, басқа балалар мен үлкен кісілермен қарым-қатынас жасау дағдыларын иеленеді, өзінің жеке іс-әрекетін ұйымдастыруға үйренеді. Алайда, бала осы дағдыларды қаншалықты тиімді пайдаланады, ол отбасының мектепке дейінгі ұйымға қатынасына байланысты болады.

 Ата-аналармен жұмыстың әр түрлерін пайдалану  баланың  жеке  қабілеттері мен мүмкіндіктерін  ашуға, балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, мемлекет және қоғам, отбасылық құндылықтарға қатыстыруға ықпал етеді.

Просмотров: 266


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст