Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық».
Бөлімі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Табиғат ерекшеліктері».
Мақсаты: Жыл мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен құстардың және маусымдық өзгерістер, көктемгі пайдалы іс-әрекеттер жөнінде түсіндіру.
Технологиялар: АКТ, жаңартылған білім беру тәсілдері, мнемотехника
Көрнекіліктер: суреттер, әртүрлі бояу, гуашь, ақ парақ, бейнеролик, ноутбуктер, сынған ағаш.
Әдіс- тәсілдері: топтық, жеке, ұжымдық, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, тәжірибе, дәстүрлі емес жолмен сурет салу.
Сөздік жұмыс: бәйшешек, құстар
Биллигвальдық компонент: көктем- весна-spring.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациық – қозғаушылық |
Шаттық шеңбер: Шұғылалы таңдаймыз. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де Қуанайық достар, Арайлап атқан күнге. Балалар бейнетаспа не туралы қалай ойлайсыңдар?
Бұл ерекшеліктердің бәрі жылдың қай мезгіліне тән? Дұрыс. Ендеше бүгін біздің оқу іс-әрекеттіміз көктемнің ерешіліктері туралы болмақ. Көктемде қандай өзгерістер байқадыңдар? |
Балалар шеңберге тұрып қайталайды. Балалар сабақты жақсы көңіл -күймен бастайды.
Көктем мезгілінде қар ериді. Құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік атады. -Көктем мезгіліне тән.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Көктем аруы шықты: Балаларға түсіндіру тапсырмаларды. Қазір балалар үш топқа бөлінеміз.
1-топ: Бәйшешек 2-топ: Қызғалдақ 3-топ: Бақ-бақ
Әр топ жұмыстарын қорғайды. Жеке жұмыс: Дәстүрлі емес жолдармен сурет салу Ғажайып сәт : Бұтағы сынған ағаш келді.
Ағаш: Рахмет сендерге балалар! Сергіту сәті. Жаңа тақырыпты бекіту: Ноутбукпен жұмыс жасау. Мнемотехника әдісі. 1- топ- Сурет арқылы көктем мезгілі жайлы әңгіме құрастырады. 2-топ Тақпақ оқылып тұрады. Балалар тақпақ арқылы суреттерді құрастырады. 3- топ Сурет арқылы әңгіме құрастырады. |
-Әр топ өз тапсырмасын орындайды, болған соң қорғайды.
Балалар көктем туралы әртүрлі дәстүрлі емес жолдармен сурет салады.
Балалар ұяны ағашқа орналастырады, Ағаштың бұтағын байлап, жөндейді.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен орындайды.
Әр топ ноутбкпен жұмыс жасайды.
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
|
- Көктем мезгілі -Көктем аруы, ағаш. Пияз отырғыздық. Балалардың жауаптары. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: Көктем ерекшеліктері туралы түсініктерін.
игереді: ауа- райы жайлы ұғымдарын.
меңгереді: берілген тапсырманы соңына дейін тиянақты орындайды.